Негізінен Жапониядан Vitz көліктерін қоса алғанда 123 мың көлік, Еуропадан Toyota Yaris көліктерімен қоса 46 мың көлік кері қайтарылмақ. Кері қайтарылатын барлық көліктер 2010 жылдың тамыз айы мен 2012 жылдың наурыз айы аралығында шыққан. Сонымен бірге Жапонияда Subaru -ға арналған ОЕМ келісімі бойынша Toyota-дан шыққан 11 мың Subaru Trezia көлігі де қайтарылып алынбақ. Солтүстік Африкадан 100 көлік кері қайтарылады.
Ақауға байланысты болған бірде-бір жол-көлік апаты тіркелмеген.