Toyota төсенішке байланысты миллионға жуық автомобильдерді қайтарып алмақшы

АСТАНА. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат - Жапонияның Toyota Motor автомобиль өндірушісі қосымша 1,1 млн. автомобильдерді төсенішке қыстырылып қалатын газ педалына байланысты АҚШ-тан қайтарып алмақшы,

деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.

Бұл жолы бес үлгі - «Хайлендер» 2008 - 2010 жж., «Королла» 2009 - 2010 жж., «Венза» 2009 - 2010 жж., «Матрикс» 2009 - 2010 жж. және «Понтиак Вайб» 2009 - 2010 жж. - қайтарып алынады.