Truth Social әлеуметтік желісінде ол өзге елдердің АҚШ-тан кино безнесін кішкентай баладан тәттісін тартып алғандай иемденіп алғанын мәлімдеді.
- Бұдан өз ісін талапқа сай атқара білмейтін, әлсіз губернаторы бар Калифорния әсіресе зардап шекті,- деп жазды ол.
- Сол себепті, яғни, бұрыннан келе жатқан осы проблеманы шешу үшін мен Америка Құрама Штаттарынан тыс жерде түсірілген фильмдерге мен 100 пайыздық баж салығын саламын, - деді АҚШ көшбасшысы.
Осыған дейін Трамптың дәрі-дәрмек, ауыр жүк көліктері мен жиһаздарға баж салығын енгізетіні туралы жаздық.