Туған еліміздің табыстары қуантады әрі рухтандырады - Ұлы Отан соғысының ардагері

ҚАРАҒАНДЫ. 31 қаңтар. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Туған еліміздің табыстары қуантады әрі рухтандырады. Ұлы Отан соғысының ардагері,

қарағандылық азамат, «Нұр Отан» ХДП мүшесі Виктор Трофимов ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауына байланысты айтқан пікірінде осылай деді.

«Біздің ұрпақ соғысты да өткеріп, экономиканың қарыштап дамуын, тың игеруді және қайта құру кезеңдерін басынан өткерді. Бізді еліміздің табыстары қуантады әрі рухтандырады. Мемлекет басшысы өз Жолдауында елді индустрияландырудың алғашқы жылының қорытындысын шығарды. Сандар экономиканың одан әрі өсімін көрсетеді. Біз, еңбек және соғыс ардагерлері өндірісте жұмыс істей алмасақ та, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының ел халқы үшін маңызын түсінеміз», - деп атап өтті ардагер.