Тұман, көктайғақ болады: 21 қарашада ауа райына байланысты ескерту жарияланды
АСТАНА.KAZINFORM – Қазгидромет 21 қарашада ауа райына байланысты бірқатар өңірде дауылды ескерту жариялады.
Синоптиктердің болжамы бойынша, түнде және таңертең Ұлытау облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.
21-22 қарашада түнде және таңертең Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында және орталығында тұман болады деп болжанады.
Түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман болады.
Астанада 21 қарашада аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ, тұман болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі.
Түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Алматыда 21 қарашада түнде және таңертең тұман болады деп болжанады.
Түнде және күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, болады, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Өскеменде 21 қарашада таңертең және күндіз көктайғақ болады.
Түнде және күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Семейде 21 қарашада түнде көктайғақ болып, оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с.
Түнде Павлодар облысының солтүстігінде қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр), облыстың оңтүстігінде, батысында көктайғақ, тұман болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Павлодарда 21 қарашада көктайғақ болады.
Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман болады деп болжанады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, батысында және орталығында тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман болады деп болжанады.
Түнде Қостанай облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болып, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан солтүсік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қостанайда 21 қарашада тұман болады деп болжанады.
Ақмола облысында түнде және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болып, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Көкшетауда 21 қарашада түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп болжанады.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады, жаяу бұрқасын жүреді. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Петропавлда 21 қарашада түнде және таңертең тұман болады деп болжанады.
Бұған дейін Қазақстандағы климат қалай өзгеріп жатқанын жазған болатынбыз.