Тұмауды және тыныс жолының вирустық инфекциясын екі миллион украиндық жұқтырды

АСТАНА. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат - Індет басталғалы бері тұмауды және тыныс жолының өткір вирустық инфекциясын екі миллион украиндық жұқтырды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігің ақпаратына қарағанда, Украинада қазанның 29-ынан жарияланған осы инфекциямен тұмау және тыныс жолының өткір вирустық инфекциясы індеті уақытында 1,979 миллион адам ауырған. Тәулік ішінде елде 41 659 ауырған адам анықталды, олардың 25 мыңнан астамы - 18 жасқа дейінгі азаматтар.