Өткен аптада республика мектептерінде тұмауратқан оқушылардың саны 30 пайызға жетті. Бішкектің білім басқармасындағылар, карантиннің әрі қарай ұзартылу ықтималдығын жоққа шығармай отыр.
14:52, 23 Қараша 2009
Тұмауға байланысты Бішкек мектептерінде карантин жарияланды
АСТАНА. Қарашаның 23-і. ҚазАқпарат - Тұмаудың өршуіне байланысты Бішкек мектептерінде қарашаның 30-ына дейін карантин жарияланды. Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігі осындай нұсқау берді, деп хабарлайды «Азаттық» радиосы.