Түнде суға шомылудың арты қайғыға ұшыратты - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 23 маусым. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысындағы Новоникольское ауылының маңында бүгін түнде Есіл өзеніне шомылып жүрген 38 жастағы әйел батып кетті.

ҚР ТЖМ-нің Солтүстік Қазақстан облыстың ТЖД-нің 2 адамы мен 1 техникасы қазіргі кезде оның мәйітін іздеу жұмыстарын жүргізуде.

 Астанадағы Көктал-1 кентінде жұма күні кешке Есіл өзеніне түскен 16 жасар жеткіншек батып кетті. Мүрде оқиғадан кейін 40 минут өткен соң ҚР ТЖМ-нің Астана қалалық ТЖД қызметінің 3 адамы және 1 техникасының көмегімен судан шығарылды.

 Бұдан бөлек, кеше шомылу кезінде тағы да 20 жасар бозбала Алматы облысындағы Қаратал өзенінде суға кетсе, 24 жасар жігіт Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан көліне батып кетті.

 34 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматы Қызылорда облысындағы Жаңадария су арнасында батып кеткен, оның мәйіті әлі табылған жоқ.