ОРАЛ. 20 қараша. ҚазАқпарат - «Алдымыздағы 1 желтоқсанда тұңғыш Президентіміз күнін атап өтеміз.
Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді ата-бабаларымыз, Нұрсұлтан Әбішұлына мың да бір рақмет, сол мерекеге шат көңілмен бара жатырмыз7 Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың атына жазған хатында Теректі аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауданның құрметті азаматы Сәлім Кукашев атап өткен.
«Біз, ардагерлер-зейнеткерлер, соңғы жылдары Теректі ауданында болып жатқан оң өзгерістерді естіп те, көріп те жүрміз. Қай ауылды алып қарасаңыз да, алып құрылыс алаңына айналды деуге болады. Бұл ауқымды істер - Елбасының салиқалы да сарабдал саясатының арқасы», - делінген онда.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).