Басқарма құрамындағы өзгерістер банктің Директорлар кеңесінде мақұлданды. Кеңес отырысы «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі» АҚ басқарма төрағасы, Директорлар кеңесінің басшысы Ерболат Досаевтың жетекшілігімен өтті.
Әлия Айдарбекова бұған дейін «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болған және жаңа қызметінде қаржы және есептілік бағытын бақылайтын болады.
Жанар Жұбаниязова бұған дейін «Еуразиялық банк» АҚ шағын және орта бизнес департаментінің директоры - басқарушы директор қызметін атқарған. Ол «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ны дамыту бағытына жауап береді.
Мирас Бейсембаев «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болған. Банкте ол сатып алулар мен құқықтық сипаттағы мәселелерге жетекшілік етеді.