Жарылыстың нәтижесінде тұрғын үйдің аумағы 100 шаршы метр болатын үстіңгі жабындысы мен шатыры қираған. Бірақ өрт орын алмаған. Төтенше жағдайды жоюға Алматы қ. өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының 19 адамы мен 5 техникасы жұмылдырылды.
Сондай-ақ оқиға орнынан түрлі жарақаттар алған 3 тұрғын (1946 ж. т. Н.Болочкова, 1982 ж. т. И.Лысичко және 1987 ж. т. Ш.Омаров) ауруханаға жеткізілді.
Қазір оқиғаның себептері анықталуда.