Оның айтуынша, Астана мен Алматыда бір шаршы метр баспананың құны 180 мың теңгеден аспайтын болады, ал қалған өңірлерде 140 мың теңге деңгейінде қалыптаспақ. 2016 жылы аталған тетік бойынша 814 мың шаршы метр тұрғын үй салынады деп күтілуде.
Белгілі болғандай, «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» салымшылары үшін несиелік баспана құрылысы 0,1 пайызбен 20 жыл мерзімге «Бәйтерек» холдингі облигацияларын шығару арқылы жүзеге асырылады. Кейіннен 0,15 пайызбен «Бәйтерек девелопмент» АҚ-ның займы ұсынылады. Сонымен қатар «Бәйтерек девелопмент» АҚ қаржының бір бөлігін 0,15 пайызбен әкімдіктерге 20 жыл бойында әрбір екі жыл сайын потраншты облигацияларды шығару арқылы ұсынады.