2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің» клиенттері кепілдікке депозит ресімдеу, ТҚЖ туралы шартқа қосымша келісім жасау, кестеден тыс енгізілген соманы алу, транзиттік есепшотқа ақша аудару, жүйе ішінде қолма-қол ақшасыз аударымдар жасау және өтінішті қарастыру бойынша кеңес беру қызметін пайдалану үшін комиссиялық алым төлемейтін болады.
Сонымен қатар, займ беруді ұйымдастыру үшін алынатын комиссия 50%-ға төмендейді. Нәтижесінде ҚТҚЖБ клиенттері үшін қаржылық жүктеме 30%-ға төмендейді.
Толық ақпаратпен www.HCSBK.KZ сайтынан танысуға болады.