Түрікменстан президенті, елдің Қарулы Күштерінің Жоғары Бас қолбасшысы Гурбангулы Бердымухамедовтің жарлығымен полиция генерал-лейтенанты Муликов Исгендер Хандурдыевич Түрікменстан ішкі істер министрі лауазымынан босатылды әрі бүкіл мемлекеттік марапаттарынан айырылып, атағы полиция майоры арнаулы атағына дейін төмендетілді.
Агенттіктің хабарлауынша, Исгендер Муликов өзіне бағынышты құрылымдардың жұмысында айтарлықтай кемшіліктерге жол берген, оның үстіне лауазымын теріс пайдаланған.