Түріктің тұңғыш электр көлігін бірінші болып ел басшысы Ердоған иеленді

АНКАРА. ҚазАқпарат - Түркияда жасалған Togg T10X электрокарын алғашқы болып Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Фото: aa.com.tr

Түркияда жасалған Togg T10X электрокарын алғашқы болып Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған иеленді.

Автомобиль кілтін табыстау салтанаты Анкарадағы Президент кешенінде өтті.

«Бүгіннен соң жолдарымыздан Togg-ты көзіміз шала бастайды», - деді салтанатты шарада түрік басшысы.

Мемлекет басшысының айтуынша, Togg тұңғыш электромобилін әзірлеу мен оны құрастыру, сондай-ақ оның бүгінгідей деңгейге жетуі елдің технологиялық және экономикалық дамуын, әлемдік сахнадағы беделін айқындайды.

Президент Ердоған Togg-тың тек Түркияда ғана емес, жалпы бүкіл әлемнің автомобильсүйер қауымына танымал болатындығына сенім білдірді.

Іс-шараға Түркия президентінің жұбайы Әмина Ердоған да қатысты.

Түркияда жасалған Togg T10X тұңғыш электомобилінің алғашқы сериялық моделін сатып алуға өтінім қабылдана бастағалы 177 467 алдын ала тапсырыс түскен.