Туристік индустрияны дамыту аясында қазақстан-ресей шекарасында шекара қосындарының мүмкіндігін арттыру жоспарлануда

АСТАНА. 28 маусым. ҚазАқпарат - Шучье - Бурабай шипажай аймағын дамыту аясында қазақстан-ресей шекарасында шекара қосындарының мүмкіндігін арттыру жоспарлануда.

Бұл туралы бүгін Ақмола облысы әкімінің орынбасары Эдуард Квятковский «Оқжетпес» санаторийінде өткен кеңесте мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда «Бурабай» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағына кіру үшін төлемақы алуды оңтайландыру жоспалануда. Сондай-ақ Арнайы экономикалық аймақтың аумағын кеңейту, тау-шаңғы кешенінің құрылыс әлеуетін зерттеу, Шучье - Бурабай шипажай аймағының аумағында гольф-орталық пен шаңғы трассаларын құру мәселелерін шешуді қарастыру көзделуде.

«Туристік индустрия қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда орталық құру туризм саласында маңызды мәселелердің бірі болып табылады», - деді Э. Квитковский.