АҚТАУ. KAZINFORM – Халықаралық іс-шарада қазақтың аты әлемге әйгілі жұлдызы Димаш Құдайберген өнер көрсетеді.
Концерттік бағдарлама ТҮРКСОЙ ұйымы әртістерінің гала концертіне ұласады.
Айта кетейік, Ақтауда бұрын-соңды болмаған халықаралық деңгейдегі мәдени шара өтіп жатыр. Jibek Joly телеарнасы Ақтаудағы түркі әлеміне арналған концертті тікелей эфирде көрсетеді.
Аягөз Ізбасарова
Ізбасарова Аягөз Оралбайқызы телевизия саласында 2003 жылдан бері жұмыс істейді. Еңбек жолын «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы «Қазақстан-Ақтау» телеарнасында жүргізуші-редакторлықтан бастап, редактор, шеф-редактор қызметтерін атқарды. Соңғы 7 жылдан бері «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстаудағы меншікті тілшісі. Ақпарат саласының үздігі. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде 2024 жылғы мамырдан бастап қызмет етеді.