Түрік азаматтық авиациясының әуе компаниясы Turkish Airlines Тель-Авив бағытындағы рейстерді тоқтатқанын хабарлады, деп жазды Анадолы агенттігі.
Бұл шешім Израильдегі сот реформасына қарсы наразылықтарға байланысты қабылданды.
Сондай-ақ, 26 наурызға жоспарланған рейстер де тоқтатылды.
Жексенбі күні кешке үкіметтің сот реформасын сынаған қорғаныс министрі Йоав Галант қызметінен босатылған кезде Израильде наразылықтардың тағы бір толқыны өтті.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.