Әкімдік таратқан хабарламаға қарағанда, тарихи киелі аймақ - 89 гектар; құрылыс салуды реттеу аймағы - 98 гектар; әкімшілік-іскерлік орталығы - 700 гектар аумақта орналасқан.
Аймақ басшысы баяндамасында 3 аумақ бойынша бой көтеретін ғимараттарды атап өтті.
«Бірінші аймақ: Түркістан қаласындағы тарихи киелі аймақта орналасқан Х.А.Ясауи кесенесінің аумағындағы 89 гектар жер теліміне амфитеатр, су бұрқақтары, мәдени демалыс орындары, визит орталығы және ашық аспан астындағы мұражай ғимараттаттары бой көтеретін болады. Екінші аймақ: құрылыс жұмыстарын реттеу аймағына «Қазақстан-Назарбаев» орталығы, «Қазақ хандары, билері» орталығы, Шығыс моншасы, «Ұлы дала елі» орталығы, Түркі әлемінің орталығы, Х.А.Ясауи орталығы, Астана саябағы, Бейнелеу-өнер мұражайы және Тарихи-мәдени орындар орталығының ғимараттары салынады. Үшінші аймақ: әкімшілік іскерлік орталығын дамуы аймағында 700 гектар жер телімін 3 кезеңге бөліп қарастырылуда», - деді Жансейіт Қансейітұлы.
Қазіргі таңда, Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамытудың бас жоспары тұжырымдамасын әзірлеу мақсатында конкурс ұйымдастырлып, өткізілді.
Барлығы 22 жоба жолданса, оның 15-і заңды тұлғалар және 7-і жеке тұлғалар конкурсқа қатысты. Соның ішінде, Түркиядан-2, Корея елінен-2, Өскемен қаласынан-1, Алматы қаласынан-6, Астана қаласынан-6, Шымкент қаласынан-4, Түркістан қаласынан-1.
Мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес, 2018 жылдың 29 қыркүйек күні Елбасының Түркістан облысына іс-сапар барысында Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту жөніндегі бас жоспардың тұжырымдамасын мақұлдау туралы ҚР Президентінің Жарлығы жарық көрді.
Айта кетсек, Қаланың аумағын дамытудың жалпы аудан перспективасында 500 мың адамды құрайтын халықтың саны үшін 25 000 гектар жер көлемі қажет етеді. Қаланың жаңа құрылысының сәулет стилі жергілікті ұлттық салт-дәстүрге сүйенетін болады. Жоспарлау құрылымының негізгі қағидаты қаланың барлық тұсынан көрінуге тиіс Қожа Ахмет Ясауи кесенесі болып табылады.