Облыстық прокуратураның хабарлауы бойынша, ер адамды Түркістан қалалық мешітінің жанынан ұстаған. Кешкі мезгілде ол қала адамына діни мазмұндағы дискіні сатуға тырысқан. Қадағалау органының мәліметтеріне қарағанда, сотталған адам "Хизбут-тахрир-әл-ислами" экстремистік тобының мүшесі болып табылған.
Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 164, 337-баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот айыпталушыға қатаң тәртіп колониясында өтеуге 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру үкімін шығарды.