«Түркістан» қонақ үйіне жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабар жалған болып шықты

АНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат - Жексенбі күні белгісіз адам Алматы қаласындағы «Түркістан» қонақ үйі ғимаратына жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабарлады. Бұл ақпаратты ҚР ТЖМ баспасөз қызметі таратып отыр.

Ведомствоның атап өтуінше, арнайы жүрізілген іс-шаралар барысында жарылғыш зат табылған жоқ.

Төтенше жағдайдың алдын алуға шұғыл әрекет ету қызметі, оның ішінде Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 8 маманы мен 2 техникасы жұмылдырылды.