«Әлеуметтік желілерде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мырзалиевтің ұсталғаны туралы таратылған ақпаратқа қатысты келесіні хабарлаймыз.
Мырзалиев ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өндірісіндегі қылмыстық іс бойынша қорғалуға құқығы бар куәгер ретінде шақырылды.
Ол күдікті ретінде танылған жоқ, оған қатысты бұлтартпау шарасы таңдалмады.
Өзге ақпарат ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне сай жарияланбайды», - делінген агенттік таратқан ақпаратта.