ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Түркістан облысындағы газ тапшылығы бір-екі күнде шешімін табады. Бұл туралы Түркістан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Қуаныш Өмірәлиев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгінде түркістандықтар автогаз бен дизель отынының тапшылығын көріп отыр.
Көптеген жанармай құю бекеттерінде газ жоқ. Ал, жұмыс істеп тұрған, газ қоры бар бекеттерде жүргізушілер кезекке тұруға мәжбүр.
Онда да тек арнайы шектеулермен ғана сатып ала алады.
Әсіресе, егін науқаны басталған тұста диқандар дизель таппай қиналып отыр.
Ал, мамандар бұл мәселе көп ұзамай өз шешімін табады дейді.
Түркістан облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының бөлім басшысы Қуаныш Өмірәлиевтің сөзінше, Ақтөбеден 2 мың тонна газ тиелген көліктер жолға шыққан.
Ертең Түркістанға жетуі тиіс. Ал, қалғаны жөндеу жұмыстарынан өткен ШНОС арқылы берілмек.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.