«Түркістан облысы Полиция департаменті облыс тұрғындарына мұндай қауесеттерге сенбеуге және шындыққа жанаспайтын ақпарды таратпауға кеңес береді. Егерде кез келген азамат осындай жалған ақпарды тарататын болса, ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы »Көрінеу жалған ақпарат тарату« бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз», -делінген хабарламада.
00:20, 28 Желтоқсан 2019
Түркістан облысының полициясы: Жол апатынан 12 адам қаза тапты деген ақпарат жалған
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желі мен мессенджер арқылы Түркістан облысында жол-көлік оқиғасы орын алып, 12 адам қаза тапты деген жалған ақпар таратылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.