Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданда аяқ киім, полиэтилен өнімдерін, синтепон талшығы және қарқынды баудан жемістерді өндірумен айналысатын жалпы құны 1 млрд 306 млн теңгені құрайтын 4 инвестициялық жоба іске асырылды. Жаңадан 400 жұмыс орны құрылды.
Одан бөлек, Жетісай ауданында шағын кәсіпкерлік саласы кең етек жайып келеді. Мәселен, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2019 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдайы бойынша 15 286-ға жетті. Оның ішінде шаруа қожалықтар саны - 10156, дара кәсіпкерлер саны - 4190, заңды тұлғалар саны 940 құрады. Ал, жұмыс істеп тұрғандарының саны – 14818 бірлікке жетіп, жалпы тіркеудегі субъектілердің 97% құрап отыр.