Осылайша тәртіп сақшыларына қарақшылық туралы ақпарат Жаңа жылға бірнеше күн қалғанда келіп түсті. Полицияға Түркістан тұрғыны арызданды, ол жекеменшік үйіне белгісіз біреулер түсіп, қарақшылық шабуыль жасағанын мәлім етті.
Жедел-тергеу тобы анықтағандай, шамамен түнгі 01.00-де медициналық маскаларды киген бірнеше белгісіз ер адам үйге баса көктеп кіре отырып, қоқан-лоқы көрсете отырып, 36 және 34 жастағы екі әйелді соққыға жыққан. Бұзақылар кейін жатын бөлмеден 100 мың теңгеге алтын зергерлік бұйымдарды қолды еткен.
Жүргізілген жедел-іздестіру шарасының барысында тәртіп сақшылары ізі суымай 3 күдіктіні ұстады. олар 1989 жылғы Түркістан қаласының тұрғындары болып шықты.
Қазіргі уақытта полицейлер олардың басқа ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауда.
ҚР ҚК-нің 179 бабы (Қарақшылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.