Түркия денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа коронавирустың жаңа түрінен бір адам қайтыс болғанын хабарлады.
Оның айтуынша, пациенттің жасы 89-да.
«Оған қауіпті індетті таяуда Қытайдан ұшып келген қарамағындағы жұмысшысы жұқтырған», -деп түсіндірді Қожа.
Ведомство басшысының сөзіне сенсек, елдегі Covid-19 инфекциясын жұқтырғандар саны бүгінде 98 адам.
Министр коонавирустың алдын алу шараларын қатаң сақтау керектігін ескертті.