Түркияда шахтада болған апаттың салдарынан 15 кенші жер астында қалып қойды

АСТАНА. Желтоқсанның 11-і. ҚазАқпарат -  Түркияда  шахтада  болған   төтенше  оқиғаның салдарынан  15  кенші  жер астында қалып қойды,

деп   хабарлайды Associated Press агенттігі  жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме  жасап.

Оқиға   елдің  солтүстік-батысындағы   Бурса  уәлаяты    елді мекендерінің бірінде  орын  алды.  Кейбір  мәліметтер  бойынша,      жыныс  қабатының  құлауына     жер астындағы  метанның  жарылуы  себеп болған, соның салдарынан   кеншілер   220 метр тереңдікте    қалып  қойған.    Қазір   іздеу-құтқару    жұмыстары жүргізілуде.