Шабуылдың мақсаты түрік шекарасына қарай бет алған Зар және Хакурк аудандарындағы күрд жасақтары болғаны айтылып отыр. Әуе шабуылына шамамен 20 шақты ұшақ қатысты. Шабуылдың нәтижесі туралы әзірге мәліметтер жоқ.
Түркия армиясы мен әскери-әуе күштерінің күрд жасақтарына қарсы шабуылдары, 2008 жылдың желтоқсан айынан бастап, түрік Конституциялық соты сепаратистермен байланысы бар деп айыптап, елдегі жалғыз күрдтердің саяси партиясын жабу туралы шешім қабылдағаннан кейін жиілеген болатын.
Күрд жасақтары түрік әскерилерінің әрекеттеріне диверсиялық акциялармен жауап беруде.
Күрд жұмысшылар партиясының жасақтары күрдтердің тәуелсіз мемлекетін құру жолында 1984 жылдан бері күресіп келеді.