АСТАНА. KAZINFORM – Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов пен Түрікмен халқының ұлттық көшбасшысы, Халық мәслихатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов Түркіменстанның Серхетабат қаласын (бұрынғы Кушка қаласы) Ауғанстанның Тургунди қаласымен байланыстыратын 177 метрлік теміржол көпірінің ашылуына қатысты.
Көпір Тургунди стансасының өткізу қабілетін, оның екі елдің тауар айналымы үшін маңызын арттырады. Сондай-ақ, контейнерлер мен басқа да транзиттік жүктерді ауыстырып тиеу үшін «құрғақ порт» үлгісіндегі қойма кешенін салу жоспарланған.
Көпірді іске қосу «Солтүстік-Оңтүстік» дәлізінің шығыс бағытын дамытуға кіретін Тургунди-Герат бағыты бойынша ауқымды теміржол магистралінің маңызды кезеңі болады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан мен Түркіменстан газ саласындағы ынтымақтастықты кеңейту туралы келісті.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.