Оның айтуынша, балаларға арнайы спорттық шаралар мен түрлі көңіл көтеретін ойын-сауық бағдарламалары ойластырылды. Топ-топ болып бөлінген талдықорғандық балалар Қапшағайдың оқушыларымен волейбол мен су полосынан жарыстар ұйымдастырды. Жарыстар нәтижелері бойынша, бірінші орынды №15 орта мектептің командасы иеленсе, екінші орынды №19 орта мектептің оқушылары қанжығаларына байлады. Іс-шара демеушілері - БТА банкінің Қапшағай бөлімшесінің ұжымы - командаларға «алтын» және «күміс» медальдар мен естелік сыйлықтарды табыс етті.
18:03, 03 Шілде 2010
Тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан жүзден астам бала Қапшағай су қоймасында демалды
ТАЛДЫҚОРҒАН. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Қапшағай су қоймасының жанында орналасқан «Оазис» демалыс аймағында осы аптада тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан 133 бала демалып қайтты. Бұл туралы Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Мәрлен Көлбаев хабарлады.