Сонымен қатар ауру жұқтырған науқастармен байланыста болған 29 адам да медициналық бақылауда. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне облыстық денсаулық сақтау басқармасы емдеу бөлімінің басшысы Әлия Бегәлиева хабарлады.
«Оқиға орнында эпидемияға қарсы барлық шаралар уақытында жүзеге асырылды. «Жұқтыратын материалдар» да дер кезінде жойылды.
Бұрын хабарланғандай, бірнеше күн бұрын Жарма аудандық ауруханасына түйнемеге шалдықты деген күдікпен екі адам жатқызылды. Екеуі де ауруға шалдыққан малдың етін жеген.