Тынымсыз түшкіретін кішкентай қыз бала американдық дәрігерлерді тығырыққа тіреді

АСТАНА. Қарашаның 16-сы. ҚазАқпарат - Дәрігерлер американдық мектеп оқушысының тынымсыз түшкіруінің себебін анықтай алмай әрі-сәрі отыр,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.Ру сайтына сілтеме жасап.

Вирджиния штатында тұратын 12 жасар Лорен Джонсон (Lauren Johnson)  бірнеше секунд сайын түшкіреді.Лореннің қайта-қайта түшкіре беруі салқын тиіп ауырғаннан кейін қазанның аяғында басталған. Қазіргі уақытта ол күн сайын 12 мың рет түшкіреді. Бірақ оның тек ұйықтап жатқанда ғана түшкірмейтінін анасы растады.