Оның барысында теле және радиоарналарға атап айтқанда, «Хабар», «Қазақстан», «Еуразия» Бірінші арнасы, «Астана», КТК, НТК, «Астана» радиосы, «Шалқар» радиосы, Ретро ФМ, Авторадио және Қазақ радиосына қосылу арқылы С-40 электр дабылдары беріледі.
«Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардан тыныштық сақтап, әбігерге түспеулерін және алып-қашпа сөздерге сенбеулерін сұрайды», - делінген таратылған хабарламада.