Өз сөзінде Мемлекет басшысы қазіргі таңда агроинновацияны енгізуге байланысты фермерлерді ынталандырудың тиімді шаралары қажеттігін атап өтті. «Шетелдік озық технология әзірше ірі, орта шаруашалықтарға ғана қолжетімді. Бұл белгілі. Ал көптеген уақ фермерлердің оны қолдануға мүмкіндігі жоқ. Бізде мыңдаған шағын шаруашылық бар. Сондықтан да, барлық облыс әкімдері Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге бұндай уақ шаруашылықтарды ірілендіруге жұмылуы керек», - деді Н. Назарбаев.
Сонымен қатар, Президент ауылдағы инновациялық белсенділікті көтеруге қатысты қолжетімді қаржы құралдарының болуы керектігіне де назар аударды.