«Қазан айының соңында Ұлттық банктің халықаралық резервтері 28.7 млрд. долларды құрады. Ұлттық Қордың шетел валютасындағы активтері 63,9 млрд долларды құрады. Тұтастай алғанда еліміздің халықаралық активтері 92,5 млрд долларға жетті», - дейді Ұлттық банк басшысы.
Оның айтуынша, 2015 жылдың 10 айында депозиттер 14,6 трлн теңгеге дейін немесе 24,6 пайызға өскен. Сонымен қатар, шетел валютасын депозиттер үлесі 55 пайыздан 66 пайызға дейін артқан. «Бұл ұлттық валютаның әлсіреуінен кейін қайта бағалауға байланысты болды. Банктердің экономикадағы кредиттер көлемі 12 трлн. теңгені құрап отыр. Қазіргі күні кредиттерді жандандыру жұмысы жалғасатын болады», - деді Д. Ақышев.