4843 түлек 100-ден жоғары балл жинаған. Тестілеу бойынша облыстағы орташа балл - 79,4.
Айта кетейік, ҰБТ ережесін бұзған 4 оқушы аудиториядан шығарылып, олардың тестілеу нәтижелері жарамсыз деп танылды.
«Тестілеуге кіргізу кезінде ҰБТ талаптарының бұзылуы орын алған жоқ. Барлық бітірушілер металіздегіш аркадан өткізіліп, ұялы телефондары алынды», - деді ведомстводан.
2017-2018 оқу жылында Түркістан облысында 11-сыныпты 33765 оқушы бітірсе, оның 22417-сі ҰБТ тапсыруға өтініш білдірген.
26 маусым күні екі ауданда 48 мектептен 1317 бітіруші ҰБТ тапсыратын болады. Олар Мақтарал және Сарыағаш аудандары.