Себебі бұл аяқ киім адам табанына қажетті тіректі қамтамасыз ете алмайды, деп санайды ортопедтер.
Қой терісінен тігілетін бұл етіктің отаны Австралия саналады, онда бұл аяқ киім сонау ХІХ ғасырда пайда болған. Бертін келе оны спортшылар мен авиаторлар киетін болған. Ал қазіргі заманда ол етік сәнге айналып отыр. Бірақ ортопедтер оған деген «әуестікті» қолдамауда. Британдық Остеопатиялық медицина институтының басшысы доктор Ян Дрисдальдың пікірінше, «тым жайтабан бұл етікті киюдің салдарынан адамның тобықтары, тізесі, саны, тіпті арқасы ауыруы мүмкін». «Бұл етіктер күнделікті киюге арналмаған, әсіресе, жасөспірімдерге зиян. Себебі олардың сүйектері әлі қатпаған, егер олар дұрыс дамымаса, сүйектер қисайып бітуі мүмкін», дейді ғалым.