Үкімет 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының жобасын әзірледі

ТАНА. 26 шілде. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Ел Үкіметі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының жобасын әзірледі.

Бұл туралы бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов мәлім етті.

«2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының жобасы әзірленді, ол қазіргі замандағы қатерлер мен қауіптерге тиісінше әрекет етуді қамтамасыз етуге бағдарланған», - деді ол.