деп хабарлайды ҚазАқпарат .
Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар бизнеске қолдау көрсететін өңірлік корпорациялар болатынын айтқан министр: «Олардың осы күнге дейін жинаған активтері өздерінде сақталатын болады. Сондай-ақ, әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың ұлттық компания мәртебесі сақталады», деді.
Айта кетейік, Үкіметке ӘКК-ні жергілікті атқарушы органдарға беруді биылғы Жолдауында Мемлекет басшысы тапсырған болатын. «Үкімет әкімдермен бірлесіп үшжылдық бюджет аясында әр өңірдің экономикалық әлеуетін есептеулерге негізделген жылдар бойынша бөлшектелген қаржыландырудың жалпы лимитін әзірлеуі тиіс. Бұл қаражат өңірлерге беріледі. Әкімдер бағдарлама бойынша қаржыландырылатын шағын және орта бизнес жобалары үшін толық жауапты болады. Үкіметке ӘКК-ні жергілікті атқарушы органдарға беруді тапсырамын, олар іс жүзінде бизнесті дамыту жөніндегі өңірлік корпорациялар болады», деген болатын Жолдауда Н. Назарбаев.