Бұл жоба құрылыс материалдары өнеркәсібін дамытудың аймақтық бағдарламасы аясында жүзеге асырылып, «Қазақстанның инвестициялық қоры» акционерлік қоғамы мен «Қазақстанның Даму банкі» акционерлік қоғамының қаржыларының есебінен жүзеге асырылып отыр.
Зауытта германиялық «Маза-хенке» технологиясы бойынша 30-дан астам өнім түрі шығарылады. Қазіргі таңда зауыттың жылдық қуаты 170 мың шаршы метрді құрап отыр. Келешекте бұл көрсеткішті 250 мың текшеметрге жеткізу жоспарлануда. Жобаны жүзеге асырудың нәтижесінде 230-дан астам жұмыс орны құрылып отыр.
Үкімет басшысына зауыт қабырғасында сондай-ақ, Ақтөбе облысы құрылыс индустриясының көрмесі таныстырылды. Көрмеге инновациялық технологиялар бойынша өнімдер шығаратын құрылыс индустриясы саласының 12 ірі кәсіпорны қатысуда.