«Атап айтқанда, министрлік реттеуші ведомство ретінде, ал «ҚазМұнайГаз» компаниясы акционер ретінде Қазақстан қатысып отырған барлық ірі кәсіпорындар бойынша, яғни ТШО, Қашаған, Қарашығанақ аясындағы жобаларды іске асыруда мемлекеттің мүддесін барынша сақтап қалуы тиіс»,-деді К. Мәсімов.
Сонымен қатар Премьер-Министр Қазақстан тарапы бекітілген келісім-шарттардың тұрақтылығына әрқашанда басымдық беретінін атап өтті. «Алайда, инвестор келісілген талаптарды орындамаса, онда біз келіссөздер үдерісіне түсу мүмкіндігіне иеміз. Егер инвестор барлық талаптарды орындайтын болса онда біз қол қойылған келісім-шарттарды қолдау бойынша шараларды алға жылжытамыз»,-деп қадап айтты Премьер-Министр.