Үкімет басшысы қазақстандық мұнай-сервистік компания құру жұмысын шапшаңдатуды тапсырды

АСТАНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Мұнай және газ министрлігінің алқа мәжілісі барысында Үкімет басшысы Серік Ахметов қазақстандық мұнай-сервистік компания құруды тездетуді тапсырды.

«Бізге отандық өнімдер шығаруда жаңа кәсіпорындар ашуға жіті көңіл бөлу қажет. Бұл ретте Мұнай және газ министрлігі Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен бірлесе отырып, мұнай-сервистік компания құру жұмысын шапшаңдатуы керек. Ол мұнай-сервистік қызметтің отандық нарығына шығатын болады. Бұл шаруа ілгерілеп те жатыр», - деді С. Ахметов.