«Меморандумда жоғары индикаторлар қамтылған және қойылған талаптар өте маңызды. Сондықтан да біз Үкіметтің біздің салаға жүктеп отырған жауапкершілігін қолдаймыз және түсініп отырмыз»,-деді Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде Б. Жұмағұлов. Айта кетейік, жыл басынан бері министрліктер мен ведомстволардың өткен жылдың қорытындылары мен биылғы жылдың мақсат -міндеттеріне арналған алқа мәжілістерінде Үкімет басшысы ведомство басшыларымен осындай меморандумдар бекітіп келеді.
15:05, 19 Қаңтар 2011
Үкімет басшысы мен Білім және ғылым министрі 2011 жылдағы мақсатты индикаторларға қол жеткізуді міндеттейтін меморандумға қол қойды
АСТАНА. 19 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов пен Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов білім беру ведомствосының 2011 жылдағы мақсатты индикаторлары мен көрсеткіштеріне қол жеткізуге міндеттейтін меморандумға қол қойды.