20:29, 27 Сәуір 2009
Үкімет басшысы 'Самұрық-Қазына' Ұлттық әл-ауқат қорының» инвестициялық жобалары жөніндегі кеңес өткізді
АСТАНА. Сәуірдің 27-сі. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның инвестициялық жобалары жөніндегі кеңес өткізді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Үкімет басшысы электроэнергетикалық, мұнай-газ, металлургия салалары мен химия өнеркәсібінде, фармацевтика және туризм салаларында жүзеге асырылып жатқан жобалар жөнінде хабарламаларды тыңдады. Кеңесте аталған жобаларды іске асыруға бағытталған шаралар талқыланды.
Премьер-Министр жобалардың барлығы да шынайы өндіріс орындары мен нақты инфрақұрылымды құруға және қазақстандық экономиканы әртараптандыруға, қайта құрылымдауға бағытталуы тиіс екенін айырықша атап өтті.К.Мәсімов «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басшылығына тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, қолда бар мүмкіндікті тиімді пайдалануды және Қазақстан экономикасын тұрақтандыруға бағытталған шараларды іске асыруға қатысты мәселелерді тездетіп шешуді тапсырды.