«Барлық орталық және жергілікті атқарушы органдар ЭКСПО көрмесін өткізудің ұлттық жоспарында қамтылған барлық шараларды тыңғылықты атқаруы керектігін баса айтқан ол: «Шайтанарба ойлап табудың қажеті жоқ. Белсенді жұмыс істеуді бастаңыздар»,-деді.
Үкімет басшысының атап өтуінше, кеше мемлекеттік комиссияның шешімімен ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілген. «Көрмені ұйымдастыруда мемлекеттік органдардың қызметін үйлестірушісі әрі басшысы болып Қ. Келімбетов айқындалды»,-деді С. Ахметов.