Үкімет елдің әлеуметтік-экономикалық өсімін қамтамасыз ету үшін барын салады

АСТАНА. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - Үкімет елдің әлеуметтік-экономикалық өсімін қамтамасыз ету үшін барын салады.

Бүгін Ақордада 2012 жылдың қорытындылары мен «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыру міндеттері бойынша өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Серік Ахметов осылай мәлім етті.

«2013 жылғы жаһандық экономикалық даму әлі де айқын емес күйінде қалып отыр. Ағымдағы жылдың қаңтар айында Дүниежүзілік банк әлемдік экономикалық өсімді 3-тен 2,4 пайызға төмендетті. Соған орай, Үкімет әлемдік экономикадағы жағдайды мұқият зерделеп, дамудың түрлі сценарийлері бойынша кешенді шаралар қарастыруда», - деді С. Ахметов.

Бұған қоса, Үкімет басшысы Елбасы айқындаған саясат арқасында елімізде мығым экономикалық орнықты дамудың іргетасы қаланғанын атап өтті.

«Үкімет Сіздің тапсырған еліміздің әлеуметтік-экономикалық өсімін қамтамасыз ету үшін барын салатынына сендіргім келеді», - деді Премьер-Министр Мемлекет басшысына.