Үкімет қаулысымен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалары бюджеттеріне эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі бекітілді

АСТАНА. 17 наурыз. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 10 наурыздағы №241 қаулысымен «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалары бюджеттеріне эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі» бекітілді.

Қаулы 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Оның толық мәтіні ресми басылым беттерінде жариялануға жатады.