Бүгінгі Үкімет отырысында аталған құжат бойынша баяндама жасаған Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың сөзінше, заң жобасының мақсаты - жастардың әлеуметтік-экономикалық дамуына көмектесу, олардың мемлекет пен қоғам өміріне белсене қатысуына жағдай жасау. «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңға және «Білім туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделуде. «Заң жобасын іске асыру үшін 2012-2014 жылдарға 2,14 млрд. теңге қарастырылған. Оның ішінде 2012 жылға - 1,68 млрд. теңге, 2013 жылға - 220,43 млн. теңге, сондай-ақ 2014 жылға 237,89 млн. теңге жұмсалады деп күтілуде»,-деп атап өтті министр.
Ведомство басшысының айтуынша, заң жобасы аясында енгізілген жаңалықтар арасында студенттерді баспанамен қамтамасыз ету, білім алушылар үшін көлікте жеңілдікпен жүру, «Дарын» мемлекеттік сыйлығын заңнамалық тұрғыда бекіту мәселелері ескерілген.