НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық экономика мен геосаяси ахуал күрделі кезеңге аяқ басуына орай Үкімет түбегейлі өзгерістер жоспарын әзірлеуі тиіс екенін мәлімдеді.
Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter -дегі парақшасында жазды.
«Әлем жаһандық экономика мен геосаяси ахуалды қайта өзгертудің күрделі кезеңіне аяқ басты. Қазақстанның алдында мүлдем жаңа талаптар жағдайында экономиканың орнықты даму режимін сақтау міндеті тұр. Үкімет түбегейлі өзгерістер жоспарын әзірлеуі тиіс» делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Президент мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерді орындайтынын атап өтті.
Ербол Жанат
ЕҰУ-да журналистика мамандығы бойынша бакалавриатты және магистратураны тәмамдаған. Стамбул мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында, "Астана ақшамы" газетінде тілші болған. 2014 жылдан бері Kazinform ХАА-да шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.